Главный » Қазақша әндер » Заттыбек Көпбосынұлы - Сыйластық

Заттыбек Көпбосынұлы - Сыйластық

  • Исполнитель: Заттыбек Копбосынулы
  • Название MP3: Сыйластык
  • Качество MP3: 192 kbps
  • Дата релиза: 26-07-2018, 04:47
  • Размер MP3: 6.19 MB
  • Длительность MP3: 04:29
00

Слушать песню Заттыбек Көпбосынұлы - Сыйластық
Текст песни Заттыбек Көпбосынұлы - Сыйластық
​​​Аялайықшы алтындай осы уақытты
Бағалайықшы басымыздағы бақытты
Бәріде өтер өтпейтін жалғыз сыйластық
Ауыртпайықшы жүректегі нұр жақұтты

Қайырмасы

Өте шығатын бес күндік мынау жалғанда
Жанымды ұғып жақсы көретін жан барда
Аялайықшы ағайын дос пен бауырды
Барайық бірге арайлы асыл арманға
Аялайықшы ағайын дос пен бауырды
Барайық бірге арайлы асыл арманға

Дүние шіркін дөңгелек келіп кетеді
Тарылмаса екен пейілдің жұмақ мекені
Кешірім ізет мейірім сыйса көңілге
Бәрімізге де бұйырған ырыс жетеді

Қайырмасы

Өте шығатын бес күндік мынау жалғанда
Жанымды ұғып жақсы көретін жан барда
Аялайықшы ағайын дос пен бауырды
Барайық бірге арайлы асыл арманға
Аялайықшы ағайын дос пен бауырды
Барайық бірге арайлы асыл арманға

Кейіпкеріміз тағдыр дейтін бір тараудың
Шаттығы менен ішінде талай бар-ау мұң
Сыйластық қалсын, қимастық қалсын мәңгіге
Қуанып еске алуың үшін қалаулым

Қайырмасы

Өте шығатын бес күндік мынау жалғанда
Жанымды ұғып жақсы көретін жан барда
Аялайықшы ағайын дос пен бауырды
Барайық бірге арайлы асыл арманға
Аялайықшы ағайын дос пен бауырды
Барайық бірге арайлы асыл арманға
Барайық бірге арайлы асыл арманға ​​​
Клип на песню Заттыбек Көпбосынұлы - Сыйластық
Самые новые и яркие казахские хиты, а также распространённый зарубежный рэп, сборники мега песен эстрадного направления понравившихся вам вы можете найти здесь и легко загрузить их.
По всем вопросам пишите на: [email protected]