Главный » Қазақша әндер » Zhakau - Жана Озеннен жауап (ИК, Шиза, Нурик Смит, Кислый Бона)

Zhakau - Жана Озеннен жауап (ИК, Шиза, Нурик Смит, Кислый Бона)

  • Исполнитель: Zhakau
  • Название MP3: Жана Озеннен жауап (ИК, Шиза, Нурик Смит, Кислый Бона)
  • Качество MP3: 128 kbps
  • Дата релиза: 4-06-2022, 18:47
  • Размер MP3: 2,68 MB
  • Длительность MP3: 2:55
00

Слушать песню Zhakau - Жана Озеннен жауап (ИК, Шиза, Нурик Смит, Кислый Бона)
Текст песни Zhakau - Жана Озеннен жауап (ИК, Шиза, Нурик Смит, Кислый Бона)
Ассаламуалейкум болар елдің жігіттері.
Қазақ тілді тыңдарманның бізде еді үміттері
Бұл күнде аз болып тұр “дұрыс рэптің” үгіттері.
Кіл бітпейтін кешірім елдің мұзын жібітпеді.

Аға болып көбіңе ақыл айтар ақым бар.
Әр сөзбен іске жауапты көшені көрген ақындар.
Көш бастап жәлеп қатындар, сырғалы топас азғындар.
Ірің трекпен сананы улап жас ұрпаққа көр қаздыңдар.

Сахнада көт жалайтын жайыңды айтып аздыңдар.
Оны тыңдаған тобыр ұрпақ шайқалып жатыр мәз мұнда.
Сіздегі мәтін азғындық тұнып тұрған “деградация”
“Арзан трекке арыңды сат” сіздер ұсынған акция!!!

Қазақ туы астында өзгенің көрдік жарнамасын.
Бұл ту Алаштың намысы болғасын күйіп арланасың.
Бәрімізде көрудеміз бұл заманның қарбаласын.
Қазағым қашан есіңді жиып, қорғанып қамданасың?

Қайырма:
Қазанның қақпағын жаппас билік саған датым бар!
Тия алмасаң тентегіңді артты қысып жатыңдар.
Көк туым жерге түспесін, көкте желбіресін.
Мына халық аспай тұрып азғындар тез жисын есін.

Ия бұл менің туым Қаңтарда қанға боялған.
Қарап тұрып сол туға қаншама намыс оянған.
Көк туды ішіп ұстағандар шатастырмаңдар сүлгімен.
Артыңнан ерген ұрпаққа бұл ісіңде үлгі кем.

Бұл ту, көк ту еді Бекзат батыр желбіреткен.
Сол тарихи көріністер ет жүректі елжіреткен.
Ал біз тумен қоқыс тасып, ауыз сасып,газды басып.
Отырмыз енді эфирде кешірім сұрап басты қасып.

Көзім жетті көк тудың қазаққа ғана керегін.
Қазақ деп соққан жүректерге құрметімді беремін.
Біраз жұлдыз адасудың жасап жатырғой себебін
Жолдан жаңылға жастарым білмей жүр кімге ерерін.

Қазақы тәлім тәрбие болып кетті бәрі сағым.
Ұлтқа жауапты тұлғалар уқалап отыр сарымсағын.
“Рухани жаңғырамыз” - деп қаңғып кетті жастарым.
Иман мен ұят,ар намыс қоспағасын бастарын.

Қайырма:
Қазанның қақпағын жаппас билік саған датым бар!
Тия алмасаң тентегіңді артты қысып жатыңдар.
Көк туым жерге түспесін, көкте желбіресін.
Мына халық аспай тұрып азғындар тез жисын есін.
Другие песни
Самые новые и яркие казахские хиты, а также распространённый зарубежный рэп, сборники мега песен эстрадного направления понравившихся вам вы можете найти здесь и легко загрузить их.
По всем вопросам пишите на: [email protected]