Главный » Қазақша әндер » Уш танкисит - Уш жауынгер, уш жайдары жигит

Уш танкисит - Уш жауынгер, уш жайдары жигит

  • Исполнитель: Уш танкисит
  • Название MP3: Уш жауынгер, уш жайдары жигит
  • Качество MP3: 128 kbps
  • Дата релиза: 12-05-2022, 20:08
  • Размер MP3: 2,91 MB
  • Длительность MP3: 3:10
00

Слушать песню Уш танкисит - Уш жауынгер, уш жайдары жигит
Текст песни Уш танкисит - Уш жауынгер, уш жайдары жигит
Аспанды қара бұлт алған торлап,
Тып-тыныш қалғуда айнала,
Жас қыран тұр өз Отанын қорғап,
Дәрия толқиды жай ғана.

Жас қыран тұр өз Отанын қорғап,
Дәрия толқиды жай ғана.

Дұшпанды аттатпай мүлдем бері,
Шекара шегіне жолатпай,
Қарайды алға елдің батыл ері
Шайқаста шыңдалған болаттай.

Сол жақта жайнаған жарқын гүлі,
Жандары оранған жалынға,
Үш жауынгер, үш жайдары жігіт,
Танкісін ұстайды бабында.

Үш жауынгер, үш жайдары жігіт,
Танкісін ұстайды бабында.

Шықтарға шомғанда жасыл баулар,
Сұр тұман жапқанда даланы,
Шекарадан өтпек болып жаулар,
Амурға сұқтана қараған.

Қырандар көрді де кенет бәрін,
Жаңғырды атыстан жота-жон,
Сыбағасын алды сонда залым,
Ұмтылды «уралап» батальон.

Сыбағасын алды сонда залым,
Ұмтылды «уралап» батальон.

Даланы сілкінтіп айқай-шулар,
Танктер қаһармен ұмтылды,
Тұра қашты қатты сасқан сұмдар,
Қанаты жаулардың қырқылды.

Майданнан оралды жарқын гүлі,
Жандары оранған жалынға,
Үш жауынгер, үш жайдары жігіт,
Тұлпарын ұстайды бабында.
Үш жауынгер, үш жайдары жігіт,
Тұлпарын ұстайды бабында.
Самые новые и яркие казахские хиты, а также распространённый зарубежный рэп, сборники мега песен эстрадного направления понравившихся вам вы можете найти здесь и легко загрузить их.
По всем вопросам пишите на: [email protected]