Главный » Қазақша әндер » Гани Кудайберген - Сол ушин жаксы корем жалгыздыкты (Поэзия)

Гани Кудайберген - Сол ушин жаксы корем жалгыздыкты (Поэзия)

  • Исполнитель: Гани Кудайберген
  • Название MP3: Сол ушин жаксы корем жалгыздыкты (Поэзия)
  • Качество MP3: 128 kbps
  • Дата релиза: 29-11-2020, 01:29
  • Размер MP3: 1,37 MB
  • Длительность MP3: 1:30
00

Слушать песню Гани Кудайберген - Сол ушин жаксы корем жалгыздыкты (Поэзия)
Текст песни Гани Кудайберген - Сол ушин жаксы корем жалгыздыкты (Поэзия)
Ешкімнің керегі жоқ,
Ешкімге керегің жоқ.
Сұрама "Неге бұл" деп,
Себебі: себебі жоқ.
Ешкіммен кездесу жоқ,
Ешкіммен қоштасу жоқ.
Көз жасыл көл-көсір боп,
Көлгірсіп бас қосу жоқ.
Сол үшін жақсы көрем жалғыздықты.

Ешкім де аңсамайды,
Ешкімді аңсамайсың.
Болса да қанша қайғы,
Өзіңді зор санайсың.
Ешкім де кінә артпайды,
Ешкімге кінә артпайсың.
Бәрі де жырақтайды,
Бәріне сыр айтпайсың.
Сол үшін жақсы көрем жалғыздықты.

Ешкімді алдамайсың,
Ешкім де алдамайды.
Әдемі ән қалайсың,
Әуені жанға жайлы.
Ешкімді жақсы көріп,
Ешкімді жек көрмейсің.
Ешқандай нәпсіге еріп,
Ешкімге кектенбейсің.
Сол үшін жақсы көрем жалғыздықты.

Ешкімді сағындырып,
Ешкімді сағынбайсың.
Ешкімді бағындырып,
Ешкімге бағынбайсың.
Ешкімді шақырмайсың,
Ешкіммен таныспайсың.
Құдайға жақындайсың,
Күнәдан алыстасың.
Сол үшін жақсы көрем жалғыздықты.
Клип на песню Гани Кудайберген - Сол ушин жаксы корем жалгыздыкты (Поэзия)
Самые новые и яркие казахские хиты, а также распространённый зарубежный рэп, сборники мега песен эстрадного направления понравившихся вам вы можете найти здесь и легко загрузить их.
По всем вопросам пишите на: [email protected]